Ақтөбеде ««Qamqor-Sharapat»  жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру» атты  семинар өтті 3010

Ақтөбеде ««Qamqor-Sharapat» жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру» атты семинар өтті

19 қазан 2023 76 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен қала, аудан имамдарына ««Qamqor-Sharapat» жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру» атты семинар өтті.

Аталған семинарға Астана қаласынан арнайы «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы келіп, зират және зиярат мәдениеті туралы, «Qamqor-Sharapat» жұмысы туралы толығырақ баяндап, слайд арқылы көрсетті.

Шараға Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұрат Құлбергенов, имамдар, БАҚ өкілдері т.б қатысты.

Серікжан Еншібайұлы мен Мейрамбек Қабылбекұлы жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру, жаназа, ас беру кезіндегі дәстүр, әдеттерді жүйелеу бойынша жұмыс жоспарымен таныстырып, жерлеу рәсімінде діни қызметкер тарапынан атқарылатын діни рәсімдерден бастап мәйіт көмілген соң қабірге қойылатын құлпытастың шариғат шарттары бойынша қандай болу керектігіне егжей-тегжейлі тоқталды.

Ал Мұрат Құлбергенов Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» кеңінең айтып, ғибадат үйлернен тыс жерлерде діни шараларды өткізудің тәртібі мен талаптарын түсіндіріп өтті.

Семинар қортындысында қатысушылар тақырып аясында сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

Айта кетсек, орталық жұмысы және семинардың маңыздылығы туралы орталық директоры Мейрамбек Қабылбекұлы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі