Ақтөбе мешіттерінде қазан айының алғашқы пәтуа сағаты өтті 6778

Ақтөбе мешіттерінде қазан айының алғашқы пәтуа сағаты өтті

09 қазан 2026 3 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысына қарасты мешіттерде қазан айының алғашқы пәтуа сағаты ұйымдастырылды.

Бұл жолғы пәтуа сағатында «Тұрмысқа шыққан әйелдің күйеуінің тегіне өтуінің үкімі» тақырыбы қозғалды. Жиын барысында аталған мәселе ислам шариғаты тұрғысынан жан-жақты талқыланып, әйел адамның некеден кейін күйеуінің тегін қабылдауына қатысты діни үкім түсіндірілді.

Сонымен қатар мұсылмандық танымдағы адамның тегі мен шыққан тегін сақтау мәселесіне тоқталып, шариғат талаптары мен оның негіздері кеңінен баяндалды.

Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, тақырып аясында тиісті діни түсіндірмелер жасалды.

Пәтуа сағатының негізгі мақсаты – халықтың діни сауаттылығын арттыру, күнделікті өмірде кездесетін өзекті мәселелерге шариғат негізінде жауап беру және дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау.