«Нұр Ғасыр» шәкірттері топ жарды 3644

«Нұр Ғасыр» шәкірттері топ жарды

13 қыркүйек 2024 172 Оқу 1 минут

«Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен жамағат арасында ауызбіршілік пен ынтымақтастықты арттыру және салауатты өмір салтын салтын қалыптастыру мақсатында қалалық «Мерген» атты садақ ату сайысы өтті.

Аталған сайысқа Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің шәкірттері қатысып, 3 орын иеленді. Шәкірттерге жетекші облыстық мешіттің наиб имамы Мәди Орынбай болды.

Сонымен қатар наиб имам сайыс барысында дін мен дәстүр құндылығына тоқталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі