Ақтөбе зираттарына цифрландыру жұмыстары жүргізіліп басталды
Бас мүфти тапсырмасына орай ҚМДБ-ның «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мәжит Әбішевтің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласына қарасты мешіттердің имамдарымен бірігіп Ақтөбе қаласындағы зираттарды цифрландыру жұмыстарын жасады. Алдағы уақытта облысқа қарасты аудан, ауылдық зираттардың барлығына цифрландыру жұмыстары жүргізілетін болады.