Жастар бағытындағы жоспар пысықталды 479

Жастар бағытындағы жоспар пысықталды

26 қаңтар 2021 244 Оқу 1 минут

Бүгін «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ «Жастар ісі» секторының Ақтөбе өңірі бойынша жауапты мамандарына арналған жиналыс өтті. Жиынды Бас имам Төлеби Оспан ашып, биыл басымдық беретін іс-шараларға тоқталып, жауапты мамандарды белсенді болуға шақырды. Сонымен қатар осы бағыттағы жұмысты жетілдіру мақсатында жауапты мамандар құрамы бекітілді.

«Жастар ісі» секторының Ақтөбе облысы бойынша өкілі, ұстаз Ержан Мизамов облысқа қарасты жауапты мамандарға Бас мүфти бекіткен биылғы жұмыс жоспарын таныстырып, күн тәртібіне қойылған 4 бағытта жүргізілетін іс-шараларды егжей-тегжейлі кеңінен түсіндірді. Әріптестерінің ұсыныс, пікірлерін тыңдады.

Атап айтсақ, жауапты мамандар насихат, сауаттылық, қоғамдық және спорттық шаралары бағытында жұмыстар жүргізетін болады. Сондай-ақ, Е.Мизамов IV республикалық имамдар форумында қабылданған «Зияткер имам» атты құжатты басшылыққа алып, қызмет барысында аталмыш құжатта баяндалған имамның біліктілігі мен білімін, мәдениеттілігі мен жанжақтылығын көрсететін қағидалар мен әдептерді ұстануға шақырды. Осы жылды ерекше қарқынмен бастаған ақтөбелік жауапты мамандардың алда атқаратын жұмыстарынан күтер үміт мол.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің 

баспасөз қызметі