Ақтөбе: Концентратор аппараттары табысталды 344

Ақтөбе: Концентратор аппараттары табысталды

02 қараша 2020 135 Оқу 1 минут

Биыл әлем халқының басына төнген індет көпшіліктің қабырғасын қайыстырып, дертке ұшырағандардың санының күрт өсуіне әкеп соқты. Пандемия біздің елімізді де айналып өтпеді.

Осыған орай, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Өмірге үміт сыйла» атты акция іске қосылып, мешіттердің ұйытқы болуымен еліміздің түкпір-түкпірінде оттегі аппараттары ауруханаларға тегін таратылған еді.

Аталмыш акция аясында Ақтөбе өкілдігінің ұйымдастыруымен Байғанин ауданының ауруханасына 3 дана және Темір ауданы, Кенкияқ ауылдық ауруханасына 1 дана концентратор аппараттары тарту етілді. Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспан аудандардан келген жауапты өкілдерге аталмыш аппараттарды өз қолымен табыстады. Көмек алған азаматтар мешіт имамдарына алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Нұр Ғасыр» мешіті жергілікті ауруханаларға 34 пулсьсоксиметр таратқан болатын.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі