Облыстың Бас имамы «Қарамашақ» мешітінің құрылысымен танысты
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев пен Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әли Ақтөбе қаласындағы Есет батыр (бұрынғы Нұр-сити) ықшам ауданында бір мезетте сыйымдылығы 3000 адам сиятын «Қарамашақ» мешітінің құрылысымен танысып қайтты.
Құрылыс аумағына арнайы барған имамдар, оған атсалысып сенбілік жұмыстарына қолғабыс етті. Екі күндік жұмыстар барысында мешіт ауласы тазартылып, асхана құрылысында қабырғалар сыланды.
“Жұмыла көтерген жүк жеңіл” деген ниетпен жамағатпен бірге үме жасалып, сауабы мол іске әрдайым қол ұшын беруді насихаттады. Сондай-ақ көпшілікті құлшылық ордасына қолмен, іспен, материалдық тұрғыдан болсын қолдау білдіруге шақырды.
Айта кетейік, қалада облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінен кейінгі зәулім мешіттің бірі. Аталған мешіттің күмбезі, мұнарасы қазақы нақыштағы үлгіде қарастырылған.
Игілікті жұмыстардың бұдан да қарқынды жүргізілуі үшін жан-жақты қолдау қажет. Ал, оның сауабы жайлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) : «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды»,-деп сүйіншілеген. Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болғандықтан оның сауабы да көл көсір екендігін ұмытпауымыз керек.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі



















































