Ақтөбе: «Сарқыт» мейрамханасына «QMDB HALAL» сертификаты табысталды 1397

Ақтөбе: «Сарқыт» мейрамханасына «QMDB HALAL» сертификаты табысталды

11 наурыз 2022 186 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласында орналасқан ең ірі тамақтану орындарының бірі – «Сарқыт» мейрамханасы және оған қарасты «Afsona» дәмханасы, «Wok point» және «Taksim» фаст-фуд өнімдері «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. 

Аталған сертификатты облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы табыстады. Бұл шараға «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жарасхан Әбдісаламов, кәсіпорын өкілдері мен жұмаға жиналған жамағат қатысты.

 «Халал – дініміз бен діліміздегі киелі ұғым. Халал ас – тіршіліктің негізі, құлшылықтың өзегі. Екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Бір кісі қырық күн халалдан жесе, Алла Тағала ол кісінің жүрегін нұрландырады, жүрегіндегі хикметті тілінен ағызады», – деп адал астың рухани тұрғыдан тазаруға қаншалықты пайдалы болса, денсаулыққа да тигізер әсері орасан. Ендеше, ізгілікке ерген үмбет ретінде астың адалын тұтынуға ұмтылуымыз қажет. Осы орайда, өңірдегі халал өнімді тұтынушылар сұранысына орай «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификаттаудан өткен қоғамдық тамақтану орындарының маңызы зор», – деп Серікжан Еншібайұлы атап өтті.

Еске салсақ, «Халал Дамудың» бас сарапшы-технологы Айжан Омарованың  қатысуымен аталған тамақтану орындарында аудит шаралары жүргізіліп, мейрамхана қызметкерлеріне оқу-семинары өтті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі