Шалқар жамағатына Халал түсінігі кеңінен түсіндірілді 3202

Шалқар жамағатына Халал түсінігі кеңінен түсіндірілді

08 ақпан 2024 1320 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында «Халал - шариғат талабы» тақырыбында семинар өтті. Семинарға ҚМДБ «Халал даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Алмат Әли Амангелдіұлы және ҚМДБ «Халал даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің технолог маманы Сақимолда Ақмаржан Ержанқызы арнайы қатысты.

ҚМДБ «Халал даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Алмат Әли Амангелдіұлы кәсіпкерлер мен жамағатқа күнделікті қолданып жүрген азық-түлігіміз бен өзге де тұрмыстық заттардың тазалығы мен адалдығына аса мән беру керектігін баяндады.Сонымен қатар халал сертификатын берудегі мақсат пен оның маңызын түсіндіре келе сертификат алудың шарттарын атап өтті.

Семинар барысында ҚМДБ «Халал даму» мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің технолог маманы Сақимолда Ақмаржан Ержанқызы әйел жамағатына адал өнім өндіру технологиясы, шариғатқа сай халал мен харамды ажырату мәселелері, кәсіпорындарда аудиттің жүргізілуі, зертханалық тексерістің орындалуы, тағамдық қоспалар халалдығының маңызы секілді өзекті мәселелерді түсіндірді.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер мен жамағат көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауаптар алып, арнайы келген мамандарға алғыстарын білдірді.