Ақтөбе: Оразада мешіттер қандай қызмет ұсынбақ?
Ақтөбе қаласында Рамазан айына қатысты арнайы өткен баспасөз мәслихатында Рамазан айында Ақтөбе мешіттері ашық болатындығын Бас имам хабарлады. Сондай-ақ, құран оқыту, неке қию және бес уақыт намаз оқу мен пітір садақа салу сынды діни рәсімдер санитарлық талаптарды сақтай отырып орындалады. Алайда, жұма және тарауих намаздары оқылмайды.
Пандемияға байланысты Рамазан айындағы насихат жұмыстары онлайн түрде жүргізіледі. Аптаның әр күні сағат 18:00-де «Нұр Ғасыр» мешітінің «nur_gasyr» инстаграм парақшасында онлайн дәрістер өтеді. Дәріс кезінде оразаға қатысты мәселелер, көркем мінез, тақуалық таныту, мешіттердің пандемия кезіндегі қызметі т.б. тақырыптар қозғалады.
Сондай-ақ, осы парақшада күнделікті сағат 12:00-де қарилар онлайн құран хатым түсірмек. Бұдан өзге оразаға қатысты сауалдарына жауап іздегендерге «Рамазан 2021» мобильді қосымшасын ұсынып отырмыз. Ол бағдарламаны Play market арқылы смартфонына жүктеп алып, сенімді діни ақпарат көзінен мағлұмат ала алады.
Сонымен қатар Ақтөбе өкілдігі «Оразаға қатысты 150 сұрақ» және «150 вопросов о посте» атты кітапшаларды 11 000 тиражбен басып шықты. Бұл кітапшалар Рамазан айында халыққа тегін таратылатын болады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің
Баспасөз қызметі