ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «HALAL EXPO» КӨРМЕСІ АЛМАТЫДА ӨТЕДІ 2405

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «HALAL EXPO» КӨРМЕСІ АЛМАТЫДА ӨТЕДІ

30 қаңтар 2023 53 Оқу 1 минут

Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде дін қызметкерлеріне арналған бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.

«Мүфтияттың маңызды мекемелерінің бірі – «Халал Даму». Біз халал сертификатына ие болған өндіріс орындарының қатысуымен Шымкент, Астана қалаларында «HALAL EXPO» көрмесін өткіздік. Енді осындай халықаралық көрмені Алматы қаласында да ұйымдастырамыз. Облыс орталықтарында да осы секілді халал өнімдер жәрмеңкесін өткізу керек деп санаймын» деді ҚМДБ Төрағасы.