«Құран – көңілдің шипасы» атты тәж кию рәсімі өтті 1466

«Құран – көңілдің шипасы» атты тәж кию рәсімі өтті

29 наурыз 2022 307 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстаздары Айнұр Мырзабаева мен Гүлмайра Тұрлыбекованың жетекшілігімен «Құран-көңілдің шипасы» атты тәж кию рәсімі ұйымдастырылды. 

Рухани негіздегі іс-шараның шымылдығын облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы ашып, Құран үйрену мен жаттаудың екі дүниедегі артықшылығына тоқталды.

Шара Милана Нұрланқызы «Фатиха» жәнеде «Ықылас» сүрелерін оқудан басталды.

Сонымен қатар тәж кию рәсіміне арнайы Бақытгүл Байғазиева ұстаз Оралдан ат терлетіп келді. Одан өзге исламтанушы Бақытгүл Байғазиева Құранның маңыздылығы туралы уағыз айтып, Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізіп, өз батасын берді.

Іс-шара қортындысында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі