Ақтөбе: Облыстың Бас имамы жиналыс өткізді 1217

Ақтөбе: Облыстың Бас имамы жиналыс өткізді

17 қаңтар 2022 194 Оқу 1 минут

Бүгін облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының төрағалығымен қала және аудан имамдарына арналған онлайн жиналыс өтті.

Жиналыс барысында ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдіктің 2022 жылғы жоспары, елдегі төтенше жағдай кезіндегі дін қызметкерлерінің атқарар жұмысы, жамағатқа айтылатын насихат пен бейнедәрістер, уағыздардың, БАҚ-қа шығатын сұхбат пен мақалалардың бағыт-бағдары талқыланды.

Сонымен қатар ҚМДБ халқымызды бірлікке, ынтымаққа, тыныштыққа шақыруды насихаттау мақсатында 2022 жылды «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» деп атағаны айтылып, Бас мүфтидің тапсырмасына сәйкес атқарылу керек мәселелер қаузалды.

Одан өзге әлеуметтік желідегі белсенділікті арттыра отырып, онлайн уағыз-насихат жұмыстарына басымдық беру жөнінде де тоқталды.

Ел тұрғындары арасындағы жағдайды жақсарту, халық бірлігі мен ынтымағын қайта қалпына келтіру, қайырымдылық жұмыстарын көптеп жасау, халықты бірлікке, ынтымаққа шақыру бағытында атқарылу тиіс күн тәртібіндегі шаралар жоспарланды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі