АҚТӨБЕ: «NURBA ET» ДӘМХАНАСЫ МЕН «БЕШБАРМАҚ» ЕТ ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 4214

АҚТӨБЕ: «NURBA ET» ДӘМХАНАСЫ МЕН «БЕШБАРМАҚ» ЕТ ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

22 ақпан 2025 45 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Nurba et» қоғамдық тамақтану орны және «Бешбармақ» ет дүкені «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. 

Облыстың бас имамы Амантай Садиев пен «Халал Дамудың» жергілікті өкілі, облыстық мешіттің наиб имамы Алмат Әли облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұма намазына жиналған жамағат алдында кәсіпорын басшыларына халал сертификатын табыстады. Сонымен қатар кәсіптеріне береке тіледі.

Дініміз өмір салтымыз бен күнделікті тіршілігімізге қажетті этикалық кодексті толықтай қамтығандықтан, ас-ауқат мәселесі қасиетті Құран мен Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде көрсетілген. Алла Тағала Құранда: «Ей, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!» («Бақара» сүресі, 2/168) – деген. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адам өз асқазаны секілді ешбір жаман ыдысты толтырған емес. Солай бола тұра, белді бүгу үшін бірнеше түйір тағам жеткілікті. Асқазанды толтыру қажет болса, үштен бірін тамақпен, үштен бірін сумен және үштен бірін ауамен толтырсын» (Термизи) деп ішер асымыздың мөлшерін де көрсеткен.

Адал өнімдердің саны арта берсін!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі