Ақтөбе мешіт жастары Оралға көмекке барды 3360

Ақтөбе мешіт жастары Оралға көмекке барды

22 сәуір 2024 1135 Оқу 0 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы Жастар ісі секторының меңгерушісі Кәрім Еламанның ұйытқы болуымен, Ақтөбе облысының бір топ жастары Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласына екі күндік сапармен барып, су тасқынына қарсы қол көмек көрсетті.

«Нағыз байлық байлық емес, нағыз байлық бірлік» деген ұранды ойға ұстаған бір топ жастар, екі күн сапарда бірлікпен, ынтымақпен, ұйымшылдықпен топырақ толы мөшектер тасып, бөгет тұрғызуға ат салысты.

Өз кезегінде Орал жастары да Ақтөбе жастарын ыстық тамақпен, жатар орынмен қамтамасыз етті.