Ақтөбе: «Ару-аналар» мектебінің алғашқы отырысы өтті 536

Ақтөбе: «Ару-аналар» мектебінің алғашқы отырысы өтті

16 ақпан 2021 252 Оқу 1 минут

Діни білімді жастарға беріп қана қоймай, ұлттық болмысымызға сай тәрбие беру кезек күттірмейтін мәселе. Әсіресе, бүгінгі жаһандану заманында.

«Ару-аналар мектебі» — ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты мамандардың атқарып жатқан игі бастамаларының бір сатысы.

Осы мақсатта Ақтөбе қаласында «Ару-аналар» мектебінің 2021 жылғы алғашқы отырысы өтті. ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Қошқарова өмірде орнын тапқан өнегелі аналар мен үлгі болар қыз-келіншектердің басын қосып, ҚМДБ-ның үстіміздегі жылға жоспарлаған 7 бағыт бойынша атқарылатын іс-шаралар негізінде өзекті ойларды қозғады. «Ару-аналар» мектебі — рухани даму, аспаздық және қолөнер үйірмелері, спорт және қоғамдық пайдалы еңбек сынды бағыттар аясында атқаратын жұмыстардың бір арнаға тоғыстыратын маңызды мектеп екенін түсіндірді. Ақтөбе қаласындағы әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығының ұстазы Мырзабаева Айнұр ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, әйел жамағатына насихат айтты.

Аталмыш мектептің басты мақсаты — дініне берік, ұлтына жанашыр, салт-дәстүрін ұстанған, еліне құрметі зор ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі