Имамдарға ислам дағуатының әдіс-тәсілдері бағытында семинар өткізілді 5871

Имамдарға ислам дағуатының әдіс-тәсілдері бағытында семинар өткізілді

03 ақпан 2026 55 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты маманы, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов Ақтөбе қаласы имамдарына арналған семинар-тренинг өткізді.

Семинар «Исламдағы дағуаттың негіздері мен әдістері» тақырыбында өтті. Шара барысында Ақтөбе қаласындағы мешіттерден жиналған имамдар мен ұстаздарға мешіт пен түрлі мекемелерде, садақа жиындарында, қоғамдық кездесулерде және әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерімен жүздескен кезде уағыз-насихат жүргізудің тиімді әдістері түсіндірілді.

Атап айтқанда, уағыз айтудағы сөз мәдениеті мен сөйлеу мәнері, дене тілі мен көзқарастың әсері, тыңдаушының психологиясын ескеру, халықтың ықыласын өзіне қарата білу, насихатты жүйелі әрі түсінікті жеткізу, уақыт пен жағдайға сай мысалдар қолдану, сондай-ақ Құран аяттары мен хадистерді орынды пайдалану жолдары жан-жақты қамтылды. Құран мен сүннетте келген дағуат әдіс-тәсілдері, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) және алдынғы өткен пайғамбарлардың мұсылмандармен және мұсылман еместерді дінге тарту құралдары, әдістері кеңінен түсіндірілді

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелік сұрақтар қойып, уағыз-насихат сапасын арттыруға қатысты пайдалы кеңестер алды.