Тайқазан акциясы аясында 24 отбасыға зекет үлестірілді 3474

Тайқазан акциясы аясында 24 отбасыға зекет үлестірілді

03 тамыз 2024 1293 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы" мешітінің ұйымдастыруымен "Тайқазан" қайырымдылық акциясы аясында жағдайы төмен 24 отбасыға зекет малы үлестірілді.

Аталған іске Шалқар ауданының тұрғыны Зекет малын табыстау арқылы мұрындық болды. Нәтижесінде  24 мұқтаж отбасыға сиыр ірі қара малының еті үлестірілді. Жалпы, ірі қара малының салмағы 216 кг - ды құрады.

Өз кезегінде халықта өз ризашылықтарын білдіріп,қайырымды жандардың кәсіптеріне береке, жақсылықтарына сансыз сауаптар тіледі.

"Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Алла Тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады. Сондай-ақ, кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Алла Тағала оның айыбын Қияметте жасырады", ‒ деген. (Бұхари, Муслим)