Кітапхана қызметкерлеріне дәстүрлі дін насихатталды 3257

Кітапхана қызметкерлеріне дәстүрлі дін насихатталды

05 наурыз 2024 727 Оқу 1 минут

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының шешімімен 2024 жыл «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жарияланған еді. Осы игілікті іс шараның шеңберінде өлкелерде халықтың салт-дәстүрін дәріптеп, дәстүрлі дінімізді насихаттау жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Сондықтан елдің бірлігін сақтап, болашағын баянды ету үшін игі ықпалын тигізетін шараларды ұйымдастыру заман талабы болып отыр.

Осыған орай, Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының тапсырмасымен Хромтау ауданына «Көшпелі уағыз-насихат» іс-сапары ұйымдастырылды. ҚМДБ «Уақып» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты маманы Мәжит Әбішев Хромтау аудандық кітапхана қызметкерлерімен кездесті. Асыл дініміз ислам мен дәстүріміздің сабақтастығы насихатталып, қызметкерлерге ата-баба ұстанған діннің ақиқатын жеткізді. Қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, сүбелі сұхбат өткізді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасө қызметі