Ұстаз Талғат Аманов «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында қонақта болды
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы, Ақтөбе облысы бойынша «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы, Талғат Аманов республикалық «Мұнара» телеарнасының эфирінде сұхбат берді.
Дін маманы РАТТ мүшесі, журналист Ақтолқын Тажикованың авторлық «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына арнайы қатысты. Сұхбаттың негізгі арқауы «Дұғамен байып, сүремен үй алуға бола ма?» деген өзекті тақырыпқа арналды.
Бағдарлама барысында Талғат Аманов қоғамда жиі қойылатын сұрақтар мен талқыланып жүрген тақырыптар төңірегінде дін мен дәстүр сабақтастығы аясында жіті талдау жасап, тұшымды жауаптар берді.
Айта кетейік, республикалық деңгейде хабар тарататын «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына 5 жылдан бері тұрақты түрде түрлі дін мамандары, әлеуметтанушылар, психологтар мен өнер қайраткерлері қонақ болып, маңызды тақырыптарды қозғайды. Аталған шығарылым әр жұма сайын «Мұнара» телеарнасынан көрерменге жол тартады.
Бағдарламаның эфирде көрсетілу уақыттары мен телеарна нөмірлері төмендегідей:
Көрсетілім уақыты: Сағат 06:30, 11:00, 18:00 және 20:30-да.
Телеарна пакеттері: «Отау ТВ» (20-арна), «ID TV» (23-арна), ЦЭТВ (22-арна).
Шығарылымды ютубтан көру үшін сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=glQE_4U76Hk&t=25s
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





































