Ақтөбе: Облыстың Бас имамы Білім күнімен құттықтады 3502

Ақтөбе: Облыстың Бас имамы Білім күнімен құттықтады

31 тамыз 2024 553 Оқу 1 минут

Құрметті қауым!

   1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

 Асыл дінімізде мұсылмандардың білім алуы – міндет. Алла Тағала Құранның алғашқы аяттарын уахи еткенде әуелі «Алақ» сүресінің бес аятын түсірді: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол (Алла) адамды ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенің Раббың ең ардақты! Ол қаламмен жазуды үйретті. Адамдарға білмегендерін үйретті» («Алақ» сүресі, 1-5 аяттар).

Құран Кәрімде 719 жерде ілім жайында баян етіледі. Сонымен қатар Құранда айтылған кейбір мәселелерді тек ілім иелері ғана түсінетінін көптеген аятта баяндайды. Білімді адам өз ортасынан оқ бойы озып, еліне, жеріне, ұлтына, дініне аянбай қызмет етеді. Алған білімді халық игілігіне жұмсау – сауабы мол амалдың бірі.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) : «Білім алу мұсылман ер мен әйелге – парыз», – деп білім алудың діндегі орны ерекше екенін ескерткен. Ендеше, біздің ғылым-білім үйреніп, білгенімізді басқаларға үйретуіміз – парыз. Себебі, хадистерден жеткендей, білімді жаю – Алла жолында жасалған үлкен садақа. Білім – бақыттың кілті, жәннатқа жетелейтін үлкен нығмет.

Сіздерді, барша ұстаздар мен шәкірттерді білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Алла Тағала отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, сауабы мол қызметтеріңіздің жемісін көруді нәсіп еткей!


АМАНТАЙ САДИЕВ

Ақтөбе облысының Бас имамы