Президент дін көшбасшыларын климат өзгерістеріне қарсы бірлесе әрекет етуге шақырды 5636

Президент дін көшбасшыларын климат өзгерістеріне қарсы бірлесе әрекет етуге шақырды

18 қыркүйек 2025 2 Оқу 1 минут

«Елеулі жетістіктерге қарамастан, адамзат көптеген гуманитарлық сын-қатермен бетпе-бет келіп отыр. Миллиондаған адамдар аштықтан, індеттен, қоршаған ортаның азып-тозуынан және климат өзгерісінен зардап шегуде. Қазақстан кедейлікті азайтуға, экологиялық проблемаларды шешуге және гуманитарлық көмек көрсетуге айтарлықтай күш-жігер жұмылдырады. Бұл мәселелерді келесі жылы сәуір айында Астанада өтетін Экология және орнықты даму өңірлік саммитінде талқылау жоспарланған. Еліміз – мұсылман әлемінің қиыр солтүстіктегі ең үлкен аймағы. Отыз жыл бұрын біз Ислам ынтымақтастығы ұйымының мүшесі атандық. Осы беделді бірлестік аясында Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының құрылуына бастамашы болды. Дін қайраткерлері әрқашан адамдарды жігерлендіріп, игі іс жасауға, жоқ-жітікке жәрдемдесуге шақырады. Діни қауымдар гуманитарлық миссиялар мен еріктілер бағдарламасын іске қосып, мектеп пен аурухана ашады. Жастар мен әлеуметтік әлсіз топтарға қамқорлық көрсетіп, климат пен миграция мәселесін қозғайды. Бұл XXI ғасырда да діннің жасампаз күшке ие екенін тағы бір дәлелдейді. Оның мүмкіндігін толық пайдалану қажет», деді Президент.

Сондықтан адамның рухани қажеттілігі туралы сөз қозғалғанда, оның дүниелік мұқтаждықтарын да қаперден шығаруға болмайды.