Ұстаз «Құдайы аста ысырапқа жол бермеу» құжатын жіті таныстырды
Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов «Құдайы аста ысырапқа жол бермеу» құжатын өңірдегі имамдарға жіті таныстырды.
Аталған құжат – Құдайы ас беруде қарапайымдылықты сақтау, шариғат пен ұлттық дәстүр үйлесімін қалыптастыру, қоғамда көрініс беріп отырған ысырапшылдық пен бәсекелестіктің алдын алу бағытында жол көрсететін маңызды құжаттың бірі.
Ұстаз Талғат Аманов дін қызметкерлерін құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеуге, дініміз бен дәстүрімізді ұштастыра отырып, қарапайымдылыққа мән беруге шақырды.
Айта кетсек, құжат «Құдайы ас берудің талаптары», «Құдайы ас дастарқанының мәзірі», «Құдайы ас өткізудің тәртібі», «Қорытынды» бөлімдерінен тұрады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram