Түркиядағы студенттер Әбу Сағид Һадими кесенесін зиярат етті 5360

Түркиядағы студенттер Әбу Сағид Һадими кесенесін зиярат етті

30 маусым 2025 2 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы өкілі Абдурашит Зиядинұлы Конья жоғары діни академиясында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен бірге Конья провинциясындағы Хадими ауылына барып, белгілі Ислам ғалымы Әбу Сағид Һадими кесенесін зиярат етті.

Әбу Сағид Һадими – Имам Биргивидің «әт-Тариқату-Мұхаммедийя» еңбегіне жазылған кең көлемді түсіндірменің авторы, танымал Ислам ғұламасы. Зиярат барысында Құран аяттары оқылып, ғалым рухына дұға бағышталды.

Сапар барысында студенттер Yerköprü сарқырамасына аялдап, табиғаттың ғибратты көріністерінен Исламдағы жаратылыс мәнін терең ұғынуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, Кайсери жоғары діни академиясында оқитын қазақстандық студенттер де Конья қаласына келіп, тарихи мешіттер мен медреселерді аралады. Олар өңірдің Ислам өркениетіндегі орны туралы мол мағлұмат алды.

Аталған игі бастама Түркиядағы қазақ студенттерінің діни білімге деген ынтасын арттырып, рухани таным көкжиегін кеңейтуге ықпал етті.