ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕУДЕН ЖАЛТАРУ КҮНӘ МА? 136

ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕУДЕН ЖАЛТАРУ КҮНӘ МА?

21 қыркүйек 2020 191 Оқу 1 минут

Сұрақ: Әссәләәму алейкум!Әскер қатарына шақырылған жігіттің Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуі ерікті іс пе? Әлде олай емес пе?

 

Жауап: Уа алейкум ассалам!

Шариғи тұрғыдан әскери қызметтен жалтаруға қатаң тыйым салынады. Себебі, елді жаудан қорғау – Отан алдындағы азаматтық парыз. Ал, бейбіт күндегі әскери қызмет мемлекеттің қарулы және қорғаныс күштері әлеуетін көрсетеді. Құран Кәрімде Алла Тағала: «Сендер де шамаларың келгенше әр түрлі күш әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер. (Сондай-ақ заманауи техникалық құралдар дайындаңдар) Алланың дұшпанын, өз дұшпаңдарыңды тағы олардан өзге дұшпандарды қорқытасыңдар. Оларды сендер білмейсіңдер, Алла біледі. Ал Алла жолында не нәрсе жұмсасаңдар, сендерге толық төленеді. Әділсіздік көрмейсіңдер[1]», - деп әмір еткен.

Сол сияқты, мемлекет шекара тұтастығын қорғау және басқа да ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскерде қызмет ету – азаматтардың борышы. Хадисте: «Екі көзге тозақ оты тимейді. Бірі, Алла Тағаладан қорқып жылаған көз. Бірі, Алла жолында ел қорғап ұйқысыз түн өткізген көз[2]»,-делінген. Міне, мұның барлығы елді жаудан қорғауға пара-пар қызмет.

Дайындаған: nurgasyr.kz

 


[1]Әнфал сүресі, 60-аят

[2]Тирмизи