ҚҰРАН ОҚЫЛҒАНДА ТЫҢДАУ ПАРЫЗ БА? 309

ҚҰРАН ОҚЫЛҒАНДА ТЫҢДАУ ПАРЫЗ БА?

30 қазан 2020 712 Оқу 1 минут

Сұрақ: Әссәләәму алейкум!

Бала күнімізде дастарқан немесе бейіт басында Құран оқылса, үн-түнсіз тыңдайтынбыз. Бұл біздің қазақи дәстүрімізде қалыптасқан тәрбие.

Енді, мешітте намазға барғанда кейбіреулер Құран оқылып жатса, күбір-күбір әңгімелесіп, қала берсе қарқылдап күліп отырады. Білмейтін болар дейін десем, қазақи тәрбиені барлығымыз көрдік. Мұндай қылық көбінесе намазхандар арасында кездеседі. Намаз оқымайтындар Құран оқылса тізерлеп отыра қалып тыңдайды. Әлде, біз білмейтін бір ереже бар ма?

 

Жауап: Уа алейкум ассалам!  

Құран оқылып жатқанда тыңдау – сауап. Абдулла бин Масғұд (р.а.) былай әңгімелейді: «Маған пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Маған Құран оқып берші», - деді. Мен: «Уа, Алла елшісі! Сізге оқып берейін бе, сізге түсті емес пе?», - дедім. Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Иә», - деді. Мен «Ниса» сүресін оқыдым, «Әр үмметке бір айғақ келтіріп, сені де оларға куә етіп келтірсек қандай болар еді?[1]» аятына келгенімде: «Міне, енді тоқта»,-деді. Ол кісіге бұрылып қарағанымда екі көзінен жас төгіліп жатқан екен[2]», - дейді.

Ханафи ғалымдары Құран оқығаннан оны тыңдаудың сауабы көбірек деген. Өйткені, құлақ салушы – тыңдау парызын орындайды. Ал, Құран оқу – тікелей парыз емес. Ибн Нажим: «Құранға құлақ түріп тыңдау – оны оқығаннан сауабы көбірек[3]», - деген.

Қорыта айтар болсақ, кез келген мұсылман баласы Құран оқығанда құрмет етіп тыңдауы тікелей дәлелді талап етпейтін іс-әрекет.

 

Дайындаған: nurgasyr.kz


[1]Ниса сүресі, 41-аят

[2]Бұхари

[3]Ибн Нажим, «Ашбаһ уа Назаир»