ТИЕ БЕРСІН ДЕП ИІС ШЫҒАРУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ДҰРЫС? 135

ТИЕ БЕРСІН ДЕП ИІС ШЫҒАРУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ДҰРЫС?

20 қыркүйек 2020 1850 Оқу 1 минут

Сұрақ: Әссәләәму алейкум!

Қазақта марқұмға арнап шелпек пісіріп, сауабы тие берсін деп жатады. Осылай жасау қаншалықты дұрыс?

 

Жауап: Уа алейкум ассалам!

Марқұмның отбасы және ағайын-туыстары жайылған дастарқаннан алынған дәм-тұздың сауабы сол жақынына тие берсін деп дұға оқытуы шариғатқа ешбір жағынан қайшы емес. Бұл мәселе төңірегінде ғұламалар арасында екіұшты пікір жоқ. Бұған негіз болатын бірқатар хадистер де жеткілікті. Соның бірі ретінде, Айша (р.а.) анамыз риуаят еткен хадисті айтуға болады. Аталмыш хадисте: «Пайғамбарға (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі келіп: «Менің анам жан тапсырды. Егер қайтыс болар шағында айтар сөзі болса, садақа жасауды айтар еді. Анамның атынан садақа жасайын ба?» - деп сұрады. Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Иә», - деп жауап берді[1]», - делінген.

Демек, марқұмға сауабы тисін деп дастарқан жайып, дәм беру ата дәстүріміз, асыл дінімізден бастау алады.  

 

Дайындаған: nurgasyr.kz

 


[1]Бұхари, Муслим