«Заманауи гаджеттер арқылы әлеуметтік желіні игеру тәсілдері» атты семинар  өтті 2550

«Заманауи гаджеттер арқылы әлеуметтік желіні игеру тәсілдері» атты семинар өтті

14 наурыз 2023 98 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының мұрындық болуымен, қала имамдарының біліктілігін арттыру мақсатында «Заманауи гаджеттер арқылы әлеуметтік желіні игеру тәсілдері» атты семинар өтті.

Аталған семинарда «Әлеуметтік желіні қалай тиімді пайдаланамыз?” атты тақырып аясында мобилограф, тележүргізуші, СММ маманы Нұржан Дияров түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ «БАҚ пен әлеуметтік желілерде ақпарат пен мақала жариялаудың ережлері мен әдебі» туралы журналист, республикалық «Munara.tv» телеарнасының тілшісі, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз хатшысы Ақтолқын Тәжікова егжей-тегжейлі ақпарат беріп өтті.

Одан өзге әеуметтік желінің қыр-сырлары мен фото-видео жүктеудің негізгі әдіс-тәсілдері туралы диктор, дыбыс режиссері, копирайтер Ербұлан Алмағанбетов кеңінен тарқатып берді.

Шара соңында имамдар тарапынан қойылған сауалдарға спикерлер жауап берсе, ал ұйымдастырушы бас имам атынан спикерлерге алғыс хат табысталды.


Ақтөбе облыстық ортаық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспаасөз қызметі