Шалқар: Әр жұма спорттық шара өтеді 966

Шалқар: Әр жұма спорттық шара өтеді

16 қазан 2021 88 Оқу 1 минут

Шалқар мешіттері жұма намазына жиналған қауымға спорттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырып, мерекелік көңіл күй сыйлады. 

«Матай Қоқанұлы» аудандық мешітінің ауласында кір тасын көтеруден сайыс өтті. Оған жұма намазына жиналған жамағат белсене қатысты.

Ал мешіт жамағаты мен қала қонақтары қатысушыларға қолдау білдірді.

Жарыс қортындысында жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Еске салсақ, Шалқар ауданында әр жұма күні тұрақты түрде спорттық шаралар өтеді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі