Шалқар имамдары екінші тоқсан жиынын өткізді
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде ауданға қарасты имамдардың жиналысы өтті.
Жиналыс барысында Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков имамның тұлғасы, мешіт тазалығы, мешіт құжаттарын жөнге келтіру, аттестацияға дайындық мәселелеріне тоқталды.
Сондай-ақ, имамдарға Бағлан Шежімбайдың «Қазынаға толы салауат» кітабы таныстырылды.
Одан өзге Бас имам 2026 жылы негізгі басымдық берілетін бағыттарды атап өтті. Атап айтсақ, «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Дәстүр және отбасы», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттары бойынша жүйелі әрі кешенді жұмыстар жүргізудің маңыздылығына ерекше назар аударды. Алдағы айларға арналған жоспарлар пысықталып, имамдардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.







































