Бас имам қала мешітінің жамағатымен кездесті 673

Бас имам қала мешітінің жамағатымен кездесті

24 маусым 2021 131 Оқу 1 минут

Кеше, ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша Бас имамы Серікжан Еншібай Ақтөбе қалалық орталық мешітіне барды. Бесін намазына жиналған жамағат алдында қалалық мешіттің бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев Алла үйіне келуші жамағатқа Бас мүфтидің бұйрығымен Ақтөбе облысына тағайындалған жаңа бас имамды таныстырды. Серікжан Еншібайұлы жамағатты ынтымаққа шақырып, бірліктің мән-маңызы туралы насихат айтты. Мешітті аралап, ұжыммен кездесті. Артынша діни ғимараттың тыныс-тіршілігімен танысты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі