Шалқар ауданының бас имамы Бозойға барды 6350

Шалқар ауданының бас имамы Бозойға барды

16 мамыр 2026 21 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков Бозой ауылдық округіне арнайы іссапармен барып, ауыл мешітінің жамағатымен кездесті. 

Іс-сапар барысында «Отанды сүю – иманнан» тақырыбында уағыз айтқан Бас имам: «Отан – адам баласының өсіп-өнген, тыныс алып, тіршілік еткен қасиетті мекені. Ислам діні Отанды сүюді иманмен, жауапкершілікпен және игі амалдармен ұштастыруды үйретеді. Өйткені Отанның амандығы – адамның өз амандығы, қоғамның тыныштығы – діннің де тыныштығы. Сондықтан Отанды қорғау, оның бірлігін сақтау және оған адал қызмет ету мұсылманның адамгершілік әрі діни міндеттерінің бірі», - деді.

Одан өзге аудан Бас имам «Бірлік – баршаға ортақ игілік» тақырыбында жамағатпен жүздесті.

Кездесу барысында мүминнің көркем мінезі, ізгілікті өмір салты және өзгеге зиян тигізбеу ұстанымы жайында баяндап, сахабалар мен ізгі жандардың өмірінен тағылымды мысалдар келтірді. Сондай-ақ жамағат тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға тұщымды жауаптар берді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі