Шалқар ауданында «Пәтуа сағаты» өтті
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің наиб имамы Ерлан Наурызбаев мешіт жамағатына «Пәтуалар жинағы» кітабынан «Бөліп төлеу арқылы үлкен және кіші қажылыққа барудың үкімі» тақырыбы аясында пәтуа сағатын өтті.
Сонымен қатар, наиб имам Ерлан Наурызбаев: «Пәтуаларды халыққа насихаттаудың маңызы ерекше. Халық арасында әртүрлі мәселелерге байланысты діни тұрғыдағы сұрақтар көп туындайды. Сол кезде дұрыс жауап беру үшін ҚМДБ «Ғұламалар кеңесінен» шығарылған пәтуаларға жүгінеміз. Пәтуаларды насихаттау арқылы халықтың діни сауаттылығын арттырып, түрлі жат ағымдардың әрекеттерінен сақтанамыз. Пәтуаларды насихаттау ісі халыққа дұрыс діни ақпарат берудің алғы шарты»6- деп атап өтіп, пәтуалармен танысудың аса маңызды екендігін жеткізді.
Өз кезегінде жамағат сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі