Сенбі күніндегі сенбілік 716

Сенбі күніндегі сенбілік

07 тамыз 2021 139 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлының бастамасымен «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешінде сенбілік өтті. 

Халқымыз тазалыққа аса мән берген. Бабаларымыз көшпенді өмір сүрсе де, өмір сүру әдеттерінде тазалық басты орында тұрған. Ұлтымыздың ұстазы Ыбырай Алтынсарин: «Сабаз болсаң жердей бол, жер бәрін шыдап көтереді, таза болсаң судай бол, су бәрін жуып кетіреді»,- деп тазалықтың маңыздылығын жырына қосқан.

Сыртқы тазалығымыз бен айналаның тазалығына мән беру мұсылмандық борышы деп саған «Нұр Ғасыр» мешінің қызметкерлері мешіт ауласын арамшөптерден тазалады.

Алдағы уақытта иманның жартысы болған тазалық жұмыстары өз жалғасын табады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі