«OPEN  JUMA»: Облыстың Бас имамы халықтық  жеке қабылдау өткізді 2998

«OPEN JUMA»: Облыстың Бас имамы халықтық жеке қабылдау өткізді

14 қазан 2023 120 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі мен «Аңсар Байғанин» ҚБ ұйымдастыруымен қасиетті жұма күні облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ауласында дін мен дәстүрді сабақтастырған «OPEN JUMA» атты Ақтөбе қаласының халықтық жеке қабылдау күні болды.

Кездесуде облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы қала тұрғыны мен мешіт жамағатын жеке-жеке қабылдап, әр сұрақтарына жіті тоқталып, жауап берді.

Әрбір келуші аталған шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Айта кетсек, игі шара алдағы уақытта да жалғасын табады.



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі