«Салауат айтудың маңыздылығы» тақырыбында сұрақ-жауап сайысы өтті 6059

«Салауат айтудың маңыздылығы» тақырыбында сұрақ-жауап сайысы өтті

12 наурыз 2026 21 Оқу 1 минут

Бегімбет мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен жамағат арасында «Салауат айтудың маңыздылығы» тақырыбында сұрақ-жауап сайысы өтті. Танымдық әрі рухани мазмұндағы шара барысында қатысушыларға Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) салауат айтудың сауабы, оның мұсылман өміріндегі орны мен маңызы туралы сұрақтар қойылды.

Сайысқа қатысқан жамағат мүшелері белсенділік танытып, діни білімдерін ортаға салды. Шара барысында Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айту – мұсылман үшін үлкен сауапты амал екені, Алла Тағала Құранда мүміндерді салауат айтуға шақырғаны жайында насихат айтылды.

Сайыс соңында белсенді қатысушыларға мешіт тарапынан естелік сыйлықтар табысталып, жамағатқа рухани әсері мол пайдалы шара болды. Мұндай танымдық кездесулер жамағаттың діни білімін арттырып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілікті күшейтуге бағытталғаны атап өтілді.