«Дархан дала» жобасы аясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барды
Әйтеке би ауданының бас имамы Ғабидолла Тілестің жетекшілігімен Әйтеке би ауанының бас имамы Ғабидолла Тілесұлының жетекшілігімен ҚМДБ-ның «Дархан дала» жобасы аясында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының әжелері Түркістан төріне тағылымды сапар жасап, рухани-тарихи орындарды аралады.
Аталған жоба ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асып, отандық туризмді дамытуға үлес қосу, халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, шариғат талаптарын насихаттау және тарихи мекендерге тағылымды сапар ұйымдастыруды мақсат етеді.
Зиярат барысында қатысушылар түркі әлемінің қасиетті мұрасы саналатын Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде болып, одан кейін XII ғасырдан бастау алатын республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш — Қылует жер асты мешітін және көне Жұма мешітін тамашалады.
Қылует — Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың оңашада құлшылық жасап, шәкірт тәрбиелеп, көптеген құнды еңбектерін жазған қасиетті орны. Жартылай жер астында орналасқан бұл бірегей діни кешенде зікір ғибадаты орындалып, сопылық ілім насихатталған.
Тағылымды сапар барысында қатысушылар халқымыздың рухани тарихымен тереңірек танысты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







































