Ақсақалдар арасында «Дін мен дәстүр» шарасы өтті 3366

Ақсақалдар арасында «Дін мен дәстүр» шарасы өтті

09 мамыр 2024 1507 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданының Бас имамы Ерік Сұлтановтың ұйымдастыруымен аудандық мешітте «Дін мен дәстүр» іс-шарас өтті. Іс-шараға Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мәжит Әбіштегі арнайы барып қатысты. Мәжит имам кездесудің негізгі маңыздылығына тоқталып, ислам және ізгі қоғам туралы насихат айтты. Одан өзге ақсақалдар игі қоғам аясында мешіттің атқарып келе жатырған шараларын әрдайым қолдайтынын айта келе, «ізгі қоғам сіз бен бізден басталады», ақсақалдар қоғамның оң бағытта болуына тікелей ықпал ететіндігін баяндады. Сондай-ақ басқосуда ақсақалдар арасында садақ атудан сайыс өтті. Жеңімпаздарға ақшалай сыйақы табысталды. Сонымен қатар әрбір ақсақалға Құран кітаптары табысталды. Іс-шара арнайы қарттарға жайылған дастархан басында жалғасын тапты. Мәжит Әбіштегі қарттарға уағыз-насихат айтты. Шара қортындысында қатысушы ақсақалдар ұйымдастырушы дін қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.