Ризабек Батталұлы арнайы Ақтөбе облысына келді 2579

Ризабек Батталұлы арнайы Ақтөбе облысына келді

20 наурыз 2023 67 Оқу 1 минут

ҚМДБ бекіткен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында облыстық дін істері басқармасы мен ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі және «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, танымал дінтанушы, ғалым, РАТТ мүшесі Ризабек Батталұлы Ақтөбе облысына келген арнайы іс-сапармен келіп, 6 топтық іс-шараға қатысып, 1688 адамға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Іс-сапар барысында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жамағатымен жүздесіп, таң және бесін намаздарында уағыз айтты.

«Жүрек дерттері» тақырыбы аясында айтылған насихат барысында жүректі кеселге ұрындыратын рухани аурулар төңірегінде рухани өсу, даму мен ізгі қоғам құра білуде жүректегі дерттерден арылу туралы кеңінен түсіндіріп өтті.

Белгілі ғалым ауызбіршіліктің мәніне тоқтала өтіп, мұсылман мұсылманның бауыры, айнасы екендігін естен шығармай, қоғамның ұйытқысына атсалысу қажеттігі турасында ой қозғады. Насихат соңында жамағат тарапынан сауалдар қойылып, әр сұраққа тұщымды жауап берілді.

Сонымен қатар Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы ғалымның дін қызметіндегі еңбегіне береке тілеп, өңірлік жамағат атынан алғысын білдірді.

РАТТ мүшесі жергілікті жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, оларды жат діни ағым идеологиясынан сақтандыру жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында Ақтөбе қаласында орналасқан «Нұрдаулет» мешітінде жұма уағызын және Алға ауданы, Бестамақ ауылында орналасқан Бестамақ ауылдық мешітінде құптан намазының алдында «Алланың рақымдылығы», «Рамазан мейірім айы!», «Тарауих намазын 20 ракағат етіп оқудың абзалдығы», «Мұсылманның ақырғы һәлі», «Мұсылман мұсылманның бауыры» және т.б. тақырыптарда насихат айтты.

Танымал дінтанушы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің Ақтөбе қаласындағы дайындық курсы ғимаратымен танысып, шәкірттерімен кездесті.

Аталған кездесу барысында Р.Батталұлы «Білім алудағы жауапкершілік» тақырыбын баяндады

Одан өзге Ақтөбе облысында орналасқан діни білім беру ұйымдарында ақпараттық насихат жұмыстары аясында «Ақтөбе» медресе-колледжіне арнайы қонақ болып, ұстаз және шәкірттермен жүздесті. Кездесуде «Білім алудың маңыздылығы» тақырыбын жіті тоқталып, шәкіртер тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап беріп, ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі