РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 3024

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

25 қазан 2023 568 Оқу 1 минут

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

 

Ардақты ағайын!

Сіздерді егемен еліміздің басты әрі ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы болған тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай! Әр отбасыға бірлік пен береке, бақыт пен табыс тілеймін!

Республика күні – рухымызды көтеріп, егемен елдің еңсесін тіктейтін сәт. Бұл ретте өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеудің маңызы зор. Өйткені егемендік – ел үшін жанын берген ерлердің ерлігімен келген ұлы күн. Оны бүгінгі ұрпақ ұмытпауға тиіс. Сондықтан Мемлекет басшысы, қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, бұл Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек.

 

Қадірлі отандастар!

Басын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған бабалар рухына тағзым етіп, Құран бағыштау, боздақтарға дұға жасау – мерекенің тәрбиелік мәнін арттыра түсетін сауапты істердің бірі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықтың ұлттық рухы мен айбынын асқақ ете түсу үшін бірқатар игі жобаларды жүзеге асырып келеді. Баршаңызды ортақ мақсат жолында бірігіп, тізе қосып, іс қылуға шақырамын. Алаш арысы Әлихан Бөкейхан айтқандай, халықтық мақсат сонда орындалады.

Егемен еліміздің болашағы жарқын, тәуелсіздігіміз баянды болғай. Алаш жұртының алға қойған мақсаты орындалғай. Әмин!