РАНТ  мүшесі Ақтөбе өңіріне іс-сапармен келді 862

РАНТ мүшесі Ақтөбе өңіріне іс-сапармен келді

21 қыркүйек 2021 160 Оқу 1 минут

 Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының  мұрындық болуымен РАНТ мүшесі, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, «Muslim.kz» ақпараттық, рухани-ағарту порталының редакторы Мақсатбек Қайырғалиев 20-24 қыркүйек аралығында арнайы іс-сапармен Ақтөбе өңіріне келді.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасына орай 7 бағыт аясында Ақтөбе өкілдігінде РАНТ сапарларын ұйымдастыру жолға қойылған болатын.

Аталған іс-сапар барысында Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлымен кездесіп, 5 күндік сапар жоспары талқыланды.

РАНТ мүшесі Ақтөбе қаласында ДД мүшелерімен жалпы және жеке кездесу өткізді.

Сонымен қатар «Нұр Ғасыр» мештінде асыр намазынан кейін жамағатқа «Ихсан ілімі» мен «Ғапылдық» туралы уағыз насихат айтты.

Одан өзге іс-сапар жоспарына сәйкес, 22 қыркүйек күні Ақтөбе медресе-колледжінде «Діни білім алудағы жауапкершілік» тақырыбында шәкірттермен кездесу, 23 қыркүйек күні Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұма намазынан кейін «Діни оңалтудың заманауи әдістері» атты тақырыбында Ақтөбе қаласының имамдары мен ҚАЖ түзету мекемелерінің теологтарына арналған семинар өтеді.

Іс-сапар Алға мен Хромтау ауданында жалғасын табады.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі