Хромтау: «Халал-Шариғат талабы» атты уағыз-насихат өтті
“Нұр” мешітінде “Халал – шариғат талабы” атты уағыз-насихат өтті. Дәрісті “Нұр” мешітінің наиб имамы Абдуллин Мейрбек ұйымдастырған болатын. Жалпы, ақпараттық-танымдық кездесуге 37-га жуық ерлер жамағаты жиналған. Уағыз-насихат барысында халал өнімдерін пайдаланудың тиімділігі, денсаулыққа пайдасы, асыл дініміздегі алар орны мен маңызы қозғалды. Жиын соңында кездесуге жиналған ерлер арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, өзара пікір алмасты.