Хромтаулық қари жүлдемен оралды 6477

Хромтаулық қари жүлдемен оралды

27 маусым 2026 15 Оқу 1 минут

Атырау өңірінің рухани өмірінде айрықша орын алатын тарихи «Құспан молла» мешітінің ашылғанына 70 жыл толуына орай тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Өңірдің діни және рухани құндылықтарын дәріптеуді мақсат еткен жиын аясында тұңғыш рет республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу байқауы өткізіліп, оған еліміздің әр өңірінен келген қарилар мен дін қызметкерлері қатысты. Аталмыш шарада бақ сынаған Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің наиб имамы Омар Нәбижанов Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша жүлделі ІІ орынды иеленіп, 70 000 тг көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды.