Үмбетхан Сәрсембин: «Имамдардың көбі Алаш зиялыларының құрамында болған» 2585

Үмбетхан Сәрсембин: «Имамдардың көбі Алаш зиялыларының құрамында болған»

29 наурыз 2023 337 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ҚМДБ бекіткен 5 бағыттың бірі – «Діни оқу-ағарту» бойынша облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Алаш зиялыларының рухани танымы» атты Ақтөбе имамдарына арналған семинар өтті.

Аталған семинарды облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы ашып, бүгінгі семинардың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар семинарды өткізетін спикер Алаштанушы, философия ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі Үмбетхан Сәрсенбинді таныстырды.

Спикер семинар барысында қазақ мәдениетіміздегі Алаш тұлғаларының тағлымы, олардың қалыптасу ерекшеліктері, Алаш зияларының қызметі, діни тұлғалалардың Алашпен байланысы, имамдардың көбі Алаш зиялыларының құрамында болғандығын айтты.

Одан өзге Ақтөбе өңірінен шыққан Алаштықтарды баяндап өтті.

Айта кетсек, Облыстың Бас имамы спикер Үмбетхан Сәрсенбинге алғысын білдіріп, имамдардың білімін арттыруға арналған Алаш зиялылары туралы семинар жыл бойы жалғасы табатынын айтты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі