РАНТ мүшеcі қала мешіттерінде насихат айтты (ФОТО) 2939

РАНТ мүшеcі қала мешіттерінде насихат айтты (ФОТО)

20 қыркүйек 2023 252 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Діни оңалту» бөлімінің 2023 арналған жұмыс жоспарына сәйкес, әр облыс арасында маман алмасып, «Жат ағымның алдын алуға» бағытталған 15 күндік іс-сапарлар жоспары аясында РАНТ мүшесі, Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла-Тарази» мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы Ақтөбе қаласындағы мешіттерде насихат айтты. 

Іс-сапар барысында РАНТ мүшесі Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ауызбіршілік, ынтамақ пен бірлік, бауырмалдықты арттыру аясында, Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Исламдағы отбасы мәселесі», сенім туралы жіті тоқталса, «Нұрдәулет» мешітінде «Ислам және ізгі қоғам», «Әкелер мектебі» және теріс ағымнан сақтану жолдары айтылды.

Одан өзге Нұралы Бақытұлы Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Ақырзаман белгілері» тақыбырында жұма уағызын айтты.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі