«Рамазан сыйы» атты  қайырымдылық акциясы өтті 1495

«Рамазан сыйы» атты қайырымдылық акциясы өтті

04 сәуір 2022 144 Оқу 1 минут

Қасиетті Рамазан айының басталуына орай «Рамазан сыйы» атты Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» жауапты өкілі, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әлидің ұйымдастыруымен 80 отбасыға 1 тонна 200 кг құрайтын азық-түлік қоржыны үлестірілді. 

Облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы қайырымдылық акциясына келген аз қамтылған және көпбалалы, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі санаттағы т.б отбасыларға ұлық, рақым айы Рамазанның келуімен құттықтады. Сонымен қатар қайырымдылық шарасының өтуіне демеушілік танытқан кәсіпкерлерге өз ризашылығын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі