Діни сауат ашу курсының шәкірттері сертификат алды 3254

Діни сауат ашу курсының шәкірттері сертификат алды

03 наурыз 2024 835 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде мешіт ұстазы Талғат Амановтың ұйымдастыруымен діни сауат ашу курсы 6 айды қорытындылап, шәкірттерге сертификат табысталды.

Діни сауат ашу курсы Құран, ақида, фиқһ, ахлақ, сияр, тәжуид пәндері бойынша ҚМДБ-дан берілген 1,2,3 сатылы жоспар негізінде білім берді. Басым көпшілік шәкірттер Құранға түсіп, сүрелер жаттайтын деңгейге жетті.

Бүгінде облыстық мешітте 60 шәкірт сертификатпен марапатталды. Наиб имам Нұрбол Смағұлов білім жолына түскендерге берілетін сауап пен дәрежені айтып, ықылас пен сабырлықтың, ыждағат пен табандылықтың әрдайым болу керектігін ескертті. Барлық курс қатысушыларына Құран кітаптары қосымша сыйға тартылды.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі