Жомарт жамағаттың демеушілігімен 25 бейнебақылау камерасы орнатылды 1284

Жомарт жамағаттың демеушілігімен 25 бейнебақылау камерасы орнатылды

07 ақпан 2022 87 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешіттің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының ұйытқы болуыменжомарт жамағаттың демеушілігімен 800 мың теңге қаражатты қамтитын 25 бейнебақылау камерасы Ақтөбе қалалық орталық мешітіне орнатылды.

Әрдайым осындай жақысылыққа жаны құмар жандардың сауапқа кенелетіндігін Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Бір жақсылық істеген адам он есе сауапқа ие болады» («Әнғам» сүресі,160-аят)деп баяндаған. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Әрбір жақсылық – садақа» дегеніндей, осы бір игі іске атсалысқан барша жамағатқа еселі жақсылыққа қауышуларын нәсіп еткей!

Алла Тағала барша жомарт жандардың кәсіптеріне береке беріп, ізгі амалдар жасаушылардың озық санатынан болуды жазғай!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі