Ойыл: Аудандық мешіт толыққанды заманауи электронды құралдармен жабдықталды
Ойыл аудандық мешітінде ҚМДБ бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында жаны жомарт демеушілердің қолдауымен, ауданның бас имамы Бақжарық Қызырұлының мұрындық болуымен толық заманауи компьютер құралдарымен жабдықталды.
Сонымен қатар Рамазан айына дайындық барысында мешіт дыбыс күшейткіш құралдары мен радио микрофондар жаңартылды. Жергілікті атымтай жомарт жандардың демеушілігімен 730 920 тенге қаражат жұмсалды.
Сауабы мол игі іске мұрындық болған және демеушілік жасаған әр жанға Алла разы болсын!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







































