Имамдар арасында ұлттық ойыннан жарыс ұйымдастырылды
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрлерін насихаттап, дін қызметкерлері арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақтастықты арттыру мақсатында «Дін мен дәстүр» бағыты аясында имамдар арасында садақ атудан және үстел теннисінен жарыс өтті.
Аталған жарыс Шалқар қаласындағы қайырымдылық мекемесінің алаңында ұйымдастырылды. Ауданның түрлі ауылдарынан келген имамдар спорттық сайыстарға белсене қатысып, өзара бақсынады.
Садақ ату жарысы нәтижелері:
І орын – Берікбол Аянасов (Шілікті ауылдық мешітінің имамы);
ІІ орын – Абзал Медетбеков (Шалқар ауданының Бас имамы);
ІІІ орын – Бақтияр Қуанышов (Байқадам ауылдық мешітінің имамы);
Үстел теннисі бойынша жеңімпаздар:
І орын – Берікбол Аянасов (Шілікті ауылдық мешітінің имамы);
ІІ орын – Бақтияр Қуанышов (Байқадам ауылдық мешітінің имамы);
ІІІ орын – Берік Аликулов (мешіттің шаруашылық қызметкері);
Жеңімпаздарға арнайы ақшалай сыйлықтар мен мадақтамалар табысталды.
Шара қортындысында ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыстарын білдіріп, осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі